Қазақстандық вайнерлер жол полициясы қызметкерлерінің алатаяқсыз жүргенін әжуаға айналдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде қысқа пародияларымен танымал қазақстандық вайнерлер алатаяқсыз жүрген жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің алатаяқсыз жүргенін әжуаға айналдырып, сан алуан күлкілі бейнебаяндар түсіріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәселен, «Kartop.TV» жобасының қатысушалары көлік қозғалысын қолмен реттеудің түсінісіздігін әжуаға айналдырып, ролик жариялады. Ал көкшетаулық вайнер Territima алатаяқсыз жүрген жол полициясы қызметкерлерін такси ұстап тұрған жолаушыларға теңеді.
Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап еліміздегі жол-патрульдік полиция қызметкерлері толығымен автопатрульге ауысты. Бұдан былай көшеде ережені бұзған көлік жүргізушілерін алатаяқпен тоқтатуға рұқсат жоқ. Қала сыртындағы бекеттерде машинаны тоқтатуға болады. Алайда соның өзінде полиция қызметкері қолмен белгі беруі тиіс.
👮🏼- Жаңа заң ешкімге кедергі болып жатқан жоқпа ?) 😅👇🏼 ✅P.S: @Kartop.tv ның историясына шыққыңыз келедіме ?) " біз белгілейміз" Онда өз парақшаңда тіркелген достарыңды барынша белгіле , бәлкім шығып қаларсыз !) Сағат (03:00) нәтижесі шығады #KARTOPTV #TOKEN_ALUA ➖➖➖➖➖➖ @shakarimabdollaev @adilettemiruly ➖➖➖➖➖➖ Бізбен бірге : ✅ @nureke.02
Не радуйтесь водители😂🚓 отмечай друзей, гаишников👮 и улыбайся😅✅