Қазақстандық велошабандоз Эквадорда жаттығу барысында инсульт алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Continental велошабандозы Ерлан Пернебеков Эквадорда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары кезінде инсульт алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
None
None

Велокоманданың баспасөз қызметі хабарлағанындай, 15 наурыз күні кезекті жаттығулардың бірінде Ерлан басындағы ауруы қатты мазалап жатқанын айтқан. Спортшы сол кезде бірден ауруханаға жеткізілді. Тексеріс кезінде Ерланның миындағы қан тамырларының бірі үзіліп кеткендігі анықталды. Бұдан кейін спортшы мәжбүрлі түрде жасанды комаға енгізілді.

Айта кету керек, Пернебековті команда қатарына алу туралы шешім үш апта бұрын қабылданған. Ол кезде медициналық тексеріс оның денсаулығынан ешқандай мін таппаған болатын.

«Астана» командасының бас менеджері Дмитрий Седунның айтуынша, қазіргі уақытта команда бапкері Владимир Ремыга Ерланның жанында, ал оның жеке жаттықтырушысы спортшының туған-туыстарымен хабарласты. Оларды Эквадорға жеткізу мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар