Қазақстандық велотректен Азия чемпионы атанды

ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат - Джакартада велотректен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылар алғашқы алтын жүлдені қанжығаларына байлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жарыста Сергей Пономарев ерекшеленді. Ол 1000 метрге жарыста үздік деп танылды. Пономарев қашықтықты 1:02.831-де басып өтті. Қазақстандық Тайбэя мен Қытайдан келген қарсыластарын артта қалдырды.

Соңғы жаңалықтар