Қазақстандық Юлия Путинцева «Уимблдон» турнирінің бірінші айналымында жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингісінде 43-інші орында) «Уимблдонның» екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық Юлия Путинцева «Уимблдон» турнирінің бірінші айналымында жеңілді

Бірінші кезеңнің екі сетінде де ол латвиялық Анастасия Севастоваға (WTA рейтингісінде 19-ыншы орында) 1:6, 6:7 есебімен жол берді.

Айта кетейік, былтырғы және алдыңғы жылдардағы турнирлерде Путинцева еш қиындықсыз екінші айналымға өтіп жүрген болатын.