Қазақстандық Жан Кособуцкий «Анадолы арыстанымен» жекпе-жекке шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық бокс одағы (EBU) қазақстандық Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) мен түркиялық Умут Джамкиран (18-0, 17 КО) арасында ұйымның ауыр салмақтағы бос чемпион титулы үшін жекпе-жекке санкция берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Ұйымның ресми сайтында хабарланғандай, мәміле жасаудың соңғы мерзімі – 18 шілде, содан кейін жекпе-жек промоутерлік саудаға қойылады. Боксшылардың өтініштері Кеңестің Римдегі (Италия) штаб-пәтеріне тапсырылуы тиіс.

Мамырдың 21-нен 22-сіне қараған түні Гамбургте (Германия) Кособуцкий француз боксшысы Жоан Дюопты (39-7, 26 КО) жеңіп, WBC International тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы чемпиондық атағын жеңіп алған болатын. Ал, Джамкиранға келетін болсақ, «Анадолы арыстаны» соңғы рет 14 мамырда Германияның Магдебург қаласында рингке шығып, төртінші раундта чех Лукас Ваккерді (3-2, 2 КО) нокаутқа жіберген еді.


Фото: sports.kz
Соңғы жаңалықтар