Қазақстандық және швед сарапшылары Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтерін қолдану мүмкіндіктерін талқылады (ФОТО)

Форумды «Қазақстан Ғарыш Сапары» (ҚҒС) ҰК» АҚ Hexagon Geospatial швециялық компаниясымен бірлесіп (оның қазақстандық өкілі «ICS Integris Capital Solution») ұйымдастырды.
«ҚҒС» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин жақын арада ЖҚЗ ҒЖ қолданысқа берілетінін атап өтті. Қазақстандық мамандармен алдағы ынтымақтастық жөнінде айтқан «ICS Integris Capital Solution» бас директоры Чермен Толпаров ЖҚЗ «үлкен экономикалық тиімділік беретін құрал» екенін атап өтті. Ортақ міндет осы болмақ. Hexagon Geospatial компаниясының бағдарламалық өнімдерін семинарға қатысушыларға Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық менеджері Роберт Надь таныстырды. Семинар соңында Hexagon Geospatial компаниясының жобалық инженері Райнер Пичман Erdas Imagine, Imagine Photogrammetry, Erdas Apollo бағдарламалық өнімдері бойынша шеберлік сағатын өткізді. Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған ЖҚЗ қазақстандық және швециялық мамандар келісімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға кіріседі.