Қазақстандық жас балуандар Грекиядан жүлдемен оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогынан бес қола медальмен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еуропа кубогы Грекия астанасы Афины қаласында өтті. Қазақстандық балуандар аталған додаданы бес қола медальмен аяқтады.

Жүлдегерлер қатарында Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі), Асанәлі Абзалбек (73 келі), Айдар Арапов (90 келі) және Жұрқамырза Шүкірбеков (100 келіден жоғары) болды.

Айта кетерлігі, аталған турнир - қазақстандық жастар үшін жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарыс.

Еске салсақ, бұдан бұрын күрестен Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын қыздар белгілі болды.



Соңғы жаңалықтар