08:35, 23 Маусым 2010 | GMT +5
Қазақстандық «Жас Отан» мен ресейлік «Жас гвардия» арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді
ПАВЛОДАР. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда павлодарлық «Жас Отан» жастар қанаты филиалының белсенділері мен Ресей Федерациясынан келген қонақтар - Бүкілресейлік «Жас гвардия» ұйымының белсенділері дөңгелек үстел барысында жұмыс тәжірибелерімен алмасты.

Кездесуге қатысушылар Павлодар облысы мен РФ шекараға жақын аудандарындағы жастар ұйымдарының ары қарайғы ынтымақтастығының болашағын талқылады.
«Ресей мен Қазақстанды достықтың тарихи өрнектері байланыстырады. Халықтар арасындағы ынтымақтастық елдер тәуелсіздік алғаннан кейін де тоқтаған жоқ. Бүгінде біздің елдер арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді, бұл жерде жастар ұйымдарының атқарған қызметі басым», - деді облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді келісімін жасауды ұйғарды.