Қазақстандық жас теннисші Пәкістандағы турнирде чемпион атанды

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Т.Әбділдаева жұптық сында ресейлік Влада Гурлеевамен бірге финалда тағы бір қазақстандық Анастасия Ким – қытайлық Си Джиншуді 7:5, 6:3 есебімен ұтты.
Таира – Алматы теннис мектебінің түлегі, 16 жаста.
Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев Монтеррей (Мексика) челленджер жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады. Ол америкалық Эван Кингтен басым түсті – 7:5, 6:3. Енді іріктеу сайыстарының финалында италиялық Стефано Наполитаноны жеңсе, негізгі додаға жолдама алады.
Андрей Голубев пен Александр Недовесов Рио-де-Жанейро (Бразилия) ATP 500 турнирінің іріктеу сатысында корт иелері Жуан Фонсека – Матеуш Алвешке жол берді – 6:7 (3:7), 2:6.
Тимофей Скатовтың да Бразилиядағы осы жарыста жолы болмады. Ол тағы бір бразилиялық Эдуардо Рибейродан жеңілді – 6:2, 2:6, 4:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубай турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик Францияда Марсель жарысында бақ сынайды.
Елена Рыбакина жұптық сында Дубай турнирін сәтті бастады.
Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды.
Фото: ktf.kz