Қазақстандық жас теннисшілер Түркиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас теннисшілер Анталия қаласында (Түркия) өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Жанель Рүстемова бастапқы кездесуінде түркиялық Лейла Елмазды ойсырата ұтты – 6:3, 6:0.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда жарыстың 5-ракеткасы, ресейлік Анна Урекемен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова үш сетке созылған тартысты бәсекеде швейцариялық Катерина Цыгурованың меселін қайырды - 5:7, 7:5, 6:4.

Аружан ширек финалға шығу үшін швециялық Юлия Локвистпен таласады. Ол сонымен қатар жұптық сында да сәтті өнер көрсетуде. А.Сағындықова тайбэйлік Ю-Юн Лимен бірге чехиялықтар Изабелла Хензова – Луча Застерованы 6:2, 7:6 (7:2) есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды.

Сандуғаш Кенжебаева алғашқы айналымда жекелей сында чехиялық Дениса Хардинковаға есе жіберді – 1:6, 1:6.

Италияның Соларино қаласында өтіп жатқан дәл осындай ITF World Tennis Tour W15 додасында 15 жасар Зара Дәркен негізгі турнирге өткенімен, бірінші айналымда ұлыбританиялық Абигейл Амосқа жол берді – 4:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Түркиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар