Қазақстандық жасөспірім боксшылар халықаралық турнирде 11 медаль алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Баку қаласында Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толу құрметіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жарыс қорытындысында қазақстандық спортшылар 11 медаль еншіледі. Оның 3-і алтын, 3-і күміс, 5-і қола.

Ел құрамасынан Ержан Ізтілеуов (52 келі), Тагир Сатаев (63 келі), Жасұлан Бердалы (70 келі) өз салмағында чемпион атанды.

Күміс жүлдегерлер қатарында Игорь Соловьев (63 келі), Бекарыс Нұрмұқан (66 келі), Бексұлтан Қайратұлы (80 келіден жоғары) бар.

Ал Рамазан Орынбасар (50 келі), Асқар Қуаныш (63 келі), Мұхит Нұрқабыл (57 келі), Бақытжан Айтмұқанов (75 келі), Аният Тілеужан (80 келі) қола жүлдеге қол созды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды.


Соңғы жаңалықтар
Референдум