03:09, 07 Шілде 2016 | GMT +5
Қазақстандық жастар Берлинде Астана күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Астана күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Берлиндегі қазақ экономика және мәдениет орталығында мерекелік шара ұйымдастырылды. Оны Германиядағы ҚР Елшілігімен бірлесе «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ» ұйымдастырды.
Кездесуге ҚР және ГФР жастар ұйымдарының, Германияның шығармашылық интелегенциясы және қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ осы елде түрлі бағдарламалармен білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты.
Өзінің қарсы алу сөзінде ГФР-дегі ҚР Елшісі Болат Нүсіпов қатысушыларға «100 қадам» Ұлт жоспарының және «Болашағы біртұтас ел» институционалдық реформасының негізгі бағыттарын таныстырды.