12:59, 19 Мамыр 2015 | GMT +5
Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҚМ Орталық армия спорт клубының капитаны, қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Шанхайда өткен Diamond Leauge (Бриллиант лигасы) сайысының екінші турында қола медальді жеңіп алды. Оның осынау жарыстағы сәтті жеңісі Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама алуына мүмкіндік берді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ольга Рыпакова өзінің спорттық жолында үшінші рет әлемдік додаға қатысатын болады. Бұған дейін спортшы 2008 жылы Пекин олимпидасына қатысса, 2012 жылы Лондон олимпиадасында алтын медальді иеленіп, Олимпиада чемпионы атанды.
«Халықаралық жарыстарда биіктен көрініп жүрген талантты спортшы Қазақстанның және еліміздің Қарулы Күштерінің атын шығаруда. Оның жеңістері әскери қызметшілер мен жастардың спортпен айналысуға деген қызығушылығын тудырып, ынталандырады», - деп атап өтілген хабарламада.