12:58, 17 Қаңтар 2019 | GMT +5
Қазақстандықтар 200 келіден астам алтын сатып алған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі қазақстандықтардың қанша алтын құйма сатып алғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанда Ұлттық банктің аффинажды таза алтын құймаларын сату-сатып алу бағдарламасы 2017 жылдың мамырында қолға алынған болатын. Бағдарлама басталғалы бері жалпы салмағы 222,3 келі болатын 5 924 құйма сатылған. Оның ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы салмағы 216,7 келі болатын 5 770 құйма сатылды», - делінген Ұлттық банктің ҚазАқпарат тілшісі сауалына берген ресми жауабында.
Ал айырбастау орындары былтыр жыл соңында бағдарламаға қосылған болатын. Олар 810 грамм болатын 37 құйма сатты.