Қазақстандықтар Азия чемпионатындағы екінші ойынын тайландтық волейболшылармен өткізеді

АЛМАТЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ерэжанұлы/ - Иранның Тегеран қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан XVI Азии чемпионатында Геннадий Паршин жаттықтыратын ұлттық құрама бүгін кешке топтық кезеңдегі екінші ойынын Тайланд спортшыларымен өткізеді.
None
None

Бұл дүбірлі додада «С» тобында өнер көрсетіп жатқан қазақстандықтар кеше алғашқы кездесуде Пәкістан құрамасына 3:2 (22-25, 25-21, 25-21, 20-25, 15-11) есебімен есе жіберіп алған болатын. Тайланд спортшылары кеше өткен жылғы Азия чемпионы саналатын Жапония волейболшыларына 0:3 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Жалпы Азия конфедерациясының үздік 16 командасы қатысып жатқан бұл байрақты бәсекеде Азия чемпионатының медальдері мен Жапонияда болатын Әлем кубогының жолдамасы сарапқа салынады. Алғашқы кезең ойныдары ертең аяқталады. Онда өз тобында 1-2 орын алған командалар 1-8 орынға, ал өзгелері 9-16 орынға таласатын болады. 21 қыркүйекте жалауы көтерілген бұл бәсекенің жартылай және ақтық сындары 28-29 қыркүйек күндері болады.

Соңғы жаңалықтар