Қазақстандықтар Бейжіңде ҚР Конституциясы күнін атап өтуде

ЖІҢ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Бүгін Бейжіңде ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінде ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік іс-шара кезекті салтанатты қабылдаумен  басталды.
None
None

ҚазАқпарат тілшісінің хабарлағанындай, ҚР-ның ҚХР-дағы Елшісі Икрам Адырбеков жиналғандарды құттықтап, біздің еліміздің халқы жаңа Негізгі заңның қабылдануына 1995 жылғы тамыздың 30-ында дауыс беріп, ұзақ жылдарға арналған өзінің  азаттық, гүлдену және демократия үшін стратегиялық таңдау жасағанын атап өтті. Озық Конституцияның базасында және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жаңа қазақстандық мемлекеттілікті құру ойдағыдай аяқталды, нарықтық экономиканың берік іргетасы қаланды, адам құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілуде, елде бейбіт өмір, ұлысаралық және конфессияаралық келісім орнаған, ал бүкіл әлемдегі қазақтар өз Отандары үшін мақтаныш сезімдеріне бөлене түсуде.

И.Адырбеков біздің еліміздің дамуындағы Конституцияның басты үлесі - қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты орнықтырудағы оның игі ықпалын атап көрсетті. Бұл ретте, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің бірегей қазақстандық үлгісін құруда Мемлекет басшысының сіңірген еңбегі орасан зор. Мысалы, ағымдағы жылғы шілдеде Астанада Н.Назарбаевтың бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі үлкен табыспен өтті.

Бүгінгі күні Қазақстанды әлемдік қауымдастық мойындады. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылғы алдағы төрағалығы - осының айғағы.

Жиында ШЫҰ Бас хатшысы Болат Нұрғалиев, дипломаттар, қазақстандық бизнес өкілдері және Бейжің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер сөз сөйледі.

Осы күні ҚХР-дың жетекші мемлекеттік газеті «Жэньминь жибао» Конституция күніне орай И.Адырбековтың мақаласын жариялады.

Соңғы жаңалықтар