Қазақстандықтар демалыс маусымында доллар сатып алуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың мамыр айында демалыс маусымының қарсаңында айырбастау пункттерінде қазақстандықтардың АҚШ долларын  сатып алу көлемі артқандығы байқалады.

Қазақстандықтар демалыс маусымында доллар сатып алуда

 Биылғы жылдың сәуір айымен салыстырғанда, өткен айда айырбастау пункттерінде 47,2% немесе 828,1 млн $ валюта сатып алынған, деп хабарлайды  rranking.kz

Валютаға сұраныс резервтік актив сұранысы сияқты жоғарылап келеді, Ағымдағы жылдың 5 айында тұрғындар еліміздегі айырбастау пункттерінен 3,5 млрд доллар сатып алған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 13,2%-ға артық. Алайда, 2014-2015 жылдардағы көлеммен салыстырғанда, бұл көрсеткіш тым баяу, тұрғындардың девальвациялық болжамы әзірге төменгі деңгейде.

Айта кетейік, былтырғы жылы қазақстандықтар қаңтар-мамыр айларында 3 млрд доллардан сәл артық сатып алған - бұл соңғы он жылдағы ең  төменгі рекордтық көрсеткіш.