Қазақстандықтар ЭКСПО-2017 қарсаңында тың идеяларымен бөлісуде: 3D сарқырама субұрқағы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу қарсаңында қазақстандықтар өз идеяларымен белсенді түрде бөлісіп жатыр. Мәселен, Әділ Төлебай өзінің Facebook-тегі парақшасында 3D сарқырама субұрқағы бейнеленген видеоны жариялады. Әділ Төлебай ҚазАқпаратқа мұндай субұрқақтар көптеген дамыған елдерде бар екенін айтты.
None
None

«Ғаламтордан ақпарат тауып, оны тереңірек зерттеп, біздің елордада да осындай өнер туындысын жасау идеясы келді. 3D моделін құрдық, енді ел тұрғындарының ЭКСПО-2017 қарсаңында елордада осындай субұрқақ орнатуға қатысты пікірлерін білгіміз келеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар