14:36, 27 Мамыр 2010 | GMT +5
Қазақстандықтар елдегі тыныштық пен толеранттылықты бағалауы тиіс - Н.Назарбаев
СТАНА. Мамырдың 27-сі. Қанат Құлшыманов/ - Қазақстандықтар елдегі тыныштық пен толеранттылықты бағалауы тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен болған кездесуде айтты.
«Көршілеріміздің бізге (Қазақстанға) келіп, жұмыс іздейтіндерін, олардың біздің елімізде тұрып қалғысы келетіндерін мақтан етемін. Одақ ыдыраған кейінгі алғашқы жылдары жұрттың барлығы тарихи отандарына асықты, ал енді олардың барлығы Қазақстанға қайтқысы келеді»,- деді Н.Назарбаев өз сөзінде.
«Бұл жайт, біздің елімізде мамыражай және тыныш өмір сүруге болатынын көрсетеді. Біздің еліміз және барша қазақстандықтар осыны бағалаулары тиіс», - деп атап көрсетті Елбасы.
Елдегі толеранттылық пен тұрақтылықтың арқасында Қазақстан көп табыстарға қол жеткізді, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда, экономиканы дамытып, барша әлемге танылып келеді, деп түйіндеді өз сөзін Президент.