Қазақстандықтар Францияда француз тілін тегін оқи алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Бағдарламалар Орталығы мен Франш-Комте Университеті және Stralang Институтымен Францияда тегін француз тілі курстары бойынша конкурс жариялайды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Болашақтың» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Қарқынды француз курсы келесі модульдерді қамтиды: оқу, тыңдау, жазу және француз тілін жалпы түсіну.

Оқу әдістері әр студентке жеке көзқарасқа бағытталған, француз мәдениетін, тілін және өмір салтын зерттеуге белсенді қатысуға шақырады. Қарқынды бағдарлама студенттерге өз француз білімін DELF немесе DALF дипломдармен дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Тілді қосымша өзін-өзі зерттеуі үшін әрдайым аудио, бейне және кітап материалдарымен және Интернет желісіне қолжетімділумен қамтылған медиа кітапханасына ашық қолжетімділік бар.

  • 4 апталық курс бойныша 100% жеңілдікпен 2 орын
  • Кез келген курс бойынша 50% жеңілдікпен 2 орын
  • Кез-келген курс бойынша 20% жеңілдікпен орын саны шектелмеген

Талаптар:

  • 18 жастан бастап;
  • француз тілін білу деңгейі кемінде A1 және B1-ден артық емес;
  • ағылшын тілін білу деңгейі кемінде pre inermadiate;

Шарттары:

  • студент мынадай шығындарды өтейді: самолет билеттері, тұрғын, виза, сақтандыру және басқа шығындар;
  • Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 01.01.2019 ж.;
  • Курстар ақпан айында басталады;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • ағылшын немесе француз тілдеріндегі мотивациялық хат;
  • түйіндеме (резюме);
  • академиялық көрсеткіштер.
Соңғы жаңалықтар