Қазақстандықтар қараша айынан бастап «Алматы-Гоа» жаңа әуе бағыты бойынша ұша алады

АСТАНА.  Қазанның  7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар  қарашаның  4-нен бастап  «Алматы-Гоа»  жаңа тікелей әуе бағыты  бойынша   ұша алады,  
None
None

деп   хабарлады сәрсенбі күні  «Бәйтерек»   медиа-орталығы.  Бұған дейін   Қазақстаннан бұл бағытқа тікелей  рейстің  болмағанын  айта кету керек.

Ұшақтар   үндінің  Гоа  штатына    10 күн  сайын  ұшады.    Боинг-737 ұшағының  сапары  4,5 сағатты  құрайды.   Әуетасымалдаушы -   отандық «SCAT»  компаниясы.

«Үндістан    біздің еліміздің   әлеуетті стратегиялық серіктесі  болып  табылады,  екі елдің арасында мұнай-газ,   ақпараттық  технологиялар,  әскери ынтымақтастық, туризмді дамыту   салалары бойынша өзара іс-қимыл туралы келісім   бар.   Міне осы  ынтымақтастықтың    нәтижесінде    тікелей әуе  рейсі ашылып отыр,  делінген       медиа-орталықтың  хабарламасында.

Гоа - Үнді мұхитының  батыс  жағалауында  орналасқан, Бомбейден   400  шақырым жердегі  үнділік провинция 

Соңғы жаңалықтар