Қазақстандықтар «Қайрат» - «Хапоэль» матчын тікелей эфирден көре алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жанкүйерлер «Қайрат» командасының израильдік «Хапоэльмен» (Беэр-Шева) ойынын, яғни Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчын тікелей эфирден тамашалайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

«Хапоэль» - «Қайрат» ойынының Беэр-Шевадан (Израиль) тікелей көрсетілімін «Qazsport» телеарнасы ұйымдастырады. Ол Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:20-да басталады.

Командалар қарымта матчты 1 тамыз күні Алматыда өткізеді.

Еске сала кетейік, «Қайрат» Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шыққан жағдайда «Норрчепинг» (Швеция)/ «Лиепая» (Латвия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Алматылықтар бірінші кезеңде екі мәрте босниялық «Широки Бриег» командасын жеңген болатын (2:1, 2:1).



Фото: vk.com/fckairat

Соңғы жаңалықтар