Қазақстандықтар #latyn хэштегімен əліпбиге қатысты ұсыныстарын бере алады
Басқарма төрағасы осы уақытта кез келген қазақстандықтың қазақ әліпбиі жобасы туралы өз ұсыныстары мен пікірлерін ашық қалдыруына мүмкіндік бар екендігін айтады. Ал, талқылау нәтижелері барынша шынайы болуы үшін ол барлық қазақстандықтарды осы жобаға белсенді қатысуға шақырды.
«Қазіргі ұсынылып отырған әлібидің жобасына қатысты ұсыныстарыңызды #latyn хэштегі арқылы жеке парақшаңызда жариялай беруіңізге болады. Кейін осы хэштег арқылы барлық ұсыныстар жинақталып, арнайы құрылған жұмыс тобы мүшелері мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы бірлесіп, туындаған сұрақтар бойынша нақты кең түсініктеме береді»,-деп жазды ол.
Сондай-ақ ол ертеңнен бастап әліпби жобасы туралы жолданып отырған ұсыныстар бойынша, Рухани жаңғыру сайтында кері байланыс формасы әрекет ететіндігін, порталда барлық ұсыныстар шоғырландырылып, жұмыс барысында ескерілетіндігін жеткізді.