Қазақстандықтар сатылған көлікті көбінесе тіркеу есебінен шығармайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта салық органдарына көлік құралдарының қарызы туралы хабарлама алған автокөлік иелерінен көптеген шағымдар келіп түсуде. Олардың айтуынша, бұл көлік құралдары бірнеше жыл бұрын сатылған, иеліктен шығарылған немесе жойылған, оның ішінде 2020 жылы сатылған көлік құралдары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, келіп түскен шағымдардың талдауы сатылған көлік құралдары көбінесе уәкілетті органның тіркеу есебінен шығарылмаған немесе қайта ресімделмегенін көрсеткен. Бұл ретте, аталған көлік құралына салық төлеу бойынша міндеттеме салық заңнамасы бойынша осы азаматтарда қалады.

Айта кету керек, жеке тұлғалар салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді және салықты салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлейді.

Көлік құралдарына салықты дербес есептеу үшін Мемлекеттік кірісітер органдарының порталында ыңғайлы және пайдалануға оңай «Салық калькуляторы» арнайы сервисі бар.

Салық органдары салық заңнамасының нормаларына сәйкес көлік құралдарына салықты 2019 жыл үшін 2020 жылы, 2020 жыл үшін 2021 жылы уәкілетті органның мәліметтері негізінде есептейді.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты салық органдарында азаматтардың жаппай жиналуын болдырмау үшін салық берешегін өндіріп алу шаралары тоқтатылды.

Қазіргі уақытта елдегі жағдайдың тұрақтануына және карантин режимінің жеңілдетілуіне байланысты салық органдары 2019 жылға және өткен кезеңдерге, оның ішінде 2020 жылы сатылған көлік құралдары бойынша, салық берешегі туралы хабарламаны азаматтарға жаппай тарату жүргізілді.

Осыған байланысты, көлік құралдарын 2019 жылға және өткен кезеңдерге салық берешегін төлемей сатқан иелеріне салық берешегі туралы хабарлама жіберілді.

Бұл ретте, егер көлік құралы меншігінде болмаса қате мәліметтерді жедел түзету үшін «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге болатын «e-Salyq» мобильдік қосымшасында түзету сервисі әзірленді. Оның көмегімен азаматтар көлік құралын есептен шығару немесе ақпаратты түзету үшін уәкілетті органға жүгіне алады.

Егер өтініш берілгеннен кейін уәкілетті органның деректер базасына түзетулер енгізсе, салық органы салықты қайта есептеуді жүргізетініне назар аударамыз.


Соңғы жаңалықтар