Қазақстандықтар шелек лақтырмайды деп сенемін - Брэндон Кук

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық боксшы Брэндон Кук (18-0, 11 КО) қазақстандық Қанат Исламмен (24-0, 19 КО) алда өтетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандықтар шелек лақтырмайды деп сенемін - Брэндон Кук

«Бұл ауыр жекпе-жек болары анық, алайда Қанат тарапынан жасалатын  барлық ұсыныстарға дайынбыз. Біз Канададан тыс, басқа елдерден айқас алаңына шақыртуды көп күттік. Енді жарты әлемді айналып өтіп Қазақстанға келуге тура келді, алайда ол маңызды емес. Бұл «Рокки-4» фильміндегідей болайын деп тұр», - деді Кук.

«Стивен Батлермен болған соңғы айқасымда менің тарапымнан жасалған нокаут жанкүйерлерге мүлде ұнаған жоқ. Ақыры жекпе-жек жанкүйердің маған шелек лақтыруымен аяқталды. Қазақстандықтар монреальдық жанкүйерлермен салыстырғанда байсалдырақ болады деп сенемін», - деді ол.

Ислам - Кук жекпе-жегі 9 қыркүйек күні Астанада өтеді.