Қазақстандықтар Венгрияда өткен кикбоксингтен әлем кубогында 7 алтын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Венгрияда өткен кикбоксингтен әлем кубогында 7 алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандықтар Венгрияда өткен кикбоксингтен әлем кубогында 7 алтын жеңіп алды

WАKО-2016 турнирі мамырдың 11-15-сі аралығында Венгрия астанасы Будапеште өткен болатын. Әлемдік додада 24 елдің 150-ден астам спортшысы кикбоксингтің «К-1» және «фулл-контакт» түрлерінен сайысқа түсті.

Қазақстан спортшылары бұл байрақты бәсекеде 7 алтын медаль еншіледі. Мәселен, турнирдің ақтық сынына дейін алқынбай жеткен Әбіш Құдайбергенов қарсыласын жақтан ұрып нокаутқа жіберді. Тараздық Асхат Жантұрсынов та қарсыласын естен тандырды. Ал атыраулық Азамат Өтемісов финалдық кездесуде қарсыласын бауырдан ұрып бүк түсірген болатын.

Айта кетерлігі, өткен жылы Дублинде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медальдан құралақан қалған еді.