Қазақстандықтар жиі қоныс аударатын ТОП-5 мемлекет қандай
«Жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4,1 мыңнан астам адам көшіп келген. Бұл былтырғы кезеңнен екі есе көп. Дегенмен 3 айда 5,3 мың адам көшіп кеткен. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4,3%-ға аз. Қазақстаннан көшіп кетушілер саны кейінгі екі жыл қатарынан азайып келеді»,- деп жазылған материалда.
Өңірлер арасында Қарағанды облысынан ең көп адам шетелге көшкен – 681 тұрғын. Одан кейінгі орындағы Қостанай облысынан 645 адам, Павлодар облысынан 643 адам тұрғылықты елін ауыстырған.
«Алғашқы тоқсанда көшіп келушілердің ең көп саны Маңғыстау облысында тіркелді – 1,3 мың адам. Былтырғы кезеңмен салыстырған 3,5 есе көп. Үздіктер үштігіне Алматы қаласы (595 адам) мен Алматы облысы (401 адам) енді. Елден кеткендердің ең көп бөлігі Ресей Федерациясын таңдаған – 4,1 мың адам (былтырғыдан 7% аз). Сондай-ақ, 617 адам Германияға, 125 адам Польшаға, 89 адам АҚШ-қа, 57 адам Беларуске қоныс аударды»,-деп жазады Ranking.kz.
Ал елге келушілердің негізгі көші Өзбекстаннан бағыт алыпты – 2 мыңнан астам адам.
Бір жыл бұрын олардың саны 500-дің айналасында ғана болған.
Екінші орында Ресей Федерациясынан келгендер тұр.
Ranking.kz.-тің мәліметінше, алғашқы 3 айда елге 810 ресейлік көшіп келген. Алғашқы бестікте Түркіменстан, Қырғыз Республикасы және Қытай бар.
Бұған дейін астана полицейлері 27 маусымы мен 4 шілде аралығында ғана көші-қон заңнамасын бұзған 98 шетел азаматын елден шығарғанын хабарлаған еді.