Қазақстандықтар жүргізуші куәліктерін ауыстыру кезінде емтихан тапсырмайтын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар мерзімі аяқталған жүргізуші куәліктерін ауыстыру кезінде жолда жүру ережелері емтиханын тапсырмайтын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

«Қазіргі уақытта мәжілісте қаралып жатқан жол ережелеріне қатысты заң жобасы бойынша мерзімі аяқталған жүргізуші куәліктерін ауыстыру кезінде азаматтар жолда жүру ережелері емтиханын қайтадан тапсыру қажет деген бап алынып тасталмақ», - деп атап өтті ол бүгін ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ойың айтуынша, жаңа заң жобасында көрсетілгеніндей, мерзімі аяқталған куәліктерді азаматтарға бір жыл ішінде ауыстыруға мүмкіндік берілмек.

Сонымен қатар ҚР ІІМ Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Павлодар қалаларының арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың тіркелген жеріне қарамастан жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі мәселені де қарастыруда. Себебі ол қалалар республикалық базадағы ақпараттарға қол жеткізіп отыр.

Соңғы жаңалықтар