Қазақстандықтарды 2017 жылдағы ең ұзақ түн күтіп тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 21 желтоқсанында - ең ұзақ түн және ең қысқа күн болатын қысқы күн тоқырауы күтілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мысалы, Астанада қысқы күн тоқырауында - 2017 жылдың 21 желтоқсанында сағат 9:16-да күн шықса, 17:09-да батады. Күндізгі уақыттың ұзақтығы 7 сағат 53 минутты құрайды.

Қысқы күн тоқырауда күн оңтүстік-шығыстан шығып, оңтүстік-батыстан батады.

Енді күн ұзарып, түн қысқарады. Хал­қымыз мұны «қыс ортасы», «ең қысқа күн», «қыстың алғашқы күні» деп те атаған. Бұл кезде Солтүстік жар­ты шарда астро­номиялық қыс басталып, Сол­түстік полюс қалың қараңғылық құшағында қалады. Күннің қыс­қы тоқы­рауынан соң күн­нің бір­тіндеп ұзаруы бас­талады.  

Соңғы жаңалықтар
telegram