20:38, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жақсарып келеді ? «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасын жүзеге асыру
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жылдан-жылға жақсарып келеді.

2007 жылғы шілденің 4-інде кезектен тыс ХІ съезде қабылданған «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасында бес жыл көлемінде зейнетақыны өсіру мөлшері халықаралық стандарт деңгейіне дейін көтеріліп, орташа жалақының 40 пайызына дейін өсетіні көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Зейнетақыны жоспарлы түрде өсіру қазақстандықтарды осы стандартқа жақындатып келеді. Зейнетақыны биылғы жылғы 25 пайызға өсіруді қосқанда орташа зейнетақы көлемі 22 822 теңгеге жетті. Зейнетақы төлемінің ең төменгі көрсеткіші ? 15 263 теңге болса, жоғарғы көрсеткіші ? 32 121 теңгені құрайды. 2010 жылы зейнетақыны тағы да 25 пайызға, ал 2011 жылы ? 30 пайызға дейін өсіру көзделініп отыр.Зейнетақы жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Республика бойынша зейнетақы нарығында 14 зейнетақы қоры қызмет етеді. 2009 жылғы сәуірдің 1-іне дейінгі жағдай бойынша жеке зейнетақы шотының саны зейнетақы жарнасы есебінен 9,7 млн. теңгені құрады, зейнетақы жинақтау көлемі ? 1 536,4 млрд. теңгеге жетті.Таза инвестициялық табыс сомасы 367,2 млрд. теңгені құраса, зейнетақы активтерінің комиссиялық көрсеткіші мен инвестициялық табыс 87 млрд. теңге болды. Статистика мәліметтері бойынша, зейнетақы төлеу мен сақтандыру ұйымдарына аударудың жалпы сомасы 104,3 млрд. теңгеден асып түсті.