Қазақстандықтардың 71,7 пайызы бір рет болса да сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келген

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2008 жылдың IV тоқсанында жемқорлық оқиғалары көп көрініс тапқан «көшбасшы» салалар - денсаулық сақтау, автоинспекция және жоғары білім беру мекемелері болып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында Әлеуметтанушылар мен саясаткерлер қауымдастығының басшысы Бақытжамал Бектұрғанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Б.Бектұрғанованың айтуынша, қараша айының 15-25 аралығында өткен сауалнамаға 3 мыңнан астам адам қатысты. Сауалнама ірі және кішігірім қалаларда, аудандар мен ауылдық аймақтарда, барлығы 30 елді-мекенде жүргізілді. «Өткен жылдың IV тоқсанында жемқорлық оқиғалары ІІІ тоқсанмен салыстырғанда 1,2 есеге артты. Сауалнама жүргізілген қазақстандықтардың 71,7 пайызы бір рет болса да сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болғанын айтып отыр. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар мен Қарағанды облыстары пара беру оқиғалары көп көрініс тапқан аймақтарға жатады. Ал жемқорлық қаупі жоғары облыстарға ? Астана, Павлодар, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстанды жатқызуға болады. Онда азаматтардың пара беру жағдайына түсу қаупі 60-70 пайыздың аралығында», - дейді ол. Тұрмыстық жемқорлықтың кең етек жайған салалары - денсаулық сақтау, автоинспекция және жоғары білім беру орындары болып табылады. Әсіресе Қызылорда мен Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау мекемелерін бөліп-жарып айтуға болады. Барынша сыбайластық жолмен автоинспекциялық қызметтер көрсететін қала ретінде - Алматы тіркеліп отыр. Павлодар, Атырау және Маңғыстау облыстарының университеттерінде жемқорлық фактілері неғұрлым көп көрініс тапқан. Сот мамандары алатын параның орташа көлемі - 3700 АҚШ долларынан жоғары, әскери комиссариаттар ? 1500 АҚШ доларынан жоғары, жер телімдерін рәсімдеу ? 1400 доллардан астам, қызметтік мансап сатысымен жоғарылау ? 700 АҚШ доллары. Бір жолғы пара 75 мың АҚШ долларын құраған «ең қымбат» сот Астана қаласында кездескен. Сондай-ақ, бұл тізімнің алдыңғы қатарында Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары тұр. 2008 жылдың қорытындысы бойынша тұрмыстық жемқорлықтың жалпы айналымы 826 мың АҚШ долларынан астамды құрап отыр.
Соңғы жаңалықтар