Қазақстандықтардың 98%-ы Мемлекет басшысының Үкіметке берген барлық тапсырмалары мен бастамаларын қолдайды

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 98%-ы Мемлекет басшысының 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы барлық бастамалары мен тапсырмаларын қолдайды.
None
None

Елдің барлық өңірлерінде энергия үнемдеу және ТКШ-ны жаңарту проблемалары бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері туралы «Сарапшы» қоғамдық қоры хабарлады.

Айталық, ТКШ жағдайы басқарудың тиімсіз жүйесімен және ТКШ кәсіпорындарының қанағаттанғысыз қаржы жағдайымен сипатталады. Кәсіпорындардың оралымсыздығынан энергия, су және басқа да ресурстар рәсуа болуы атап өтілген. Осыған байланысты 11 қазанда сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Үкіметке: «Алдымен энергия үнемдеудің базалық мәселелерін шешу қажет» деген нақты тапсырма берді.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 98% пайызы Мемлекет басшысының 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан барлық бастамалары мен тапсырмаларын қолдайды.

ҚР Үкіметі 2011 жылы қабылдаған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы жайлы бүгінге дейін республика қалалары мен кенттерінің тұрғындары жөнді білмейді.

Республикалық сауалнаманың қорытындылары үйлердің тұрғындары - бағдарламаға қатысушылар жүргізілген шараларға онша қанағаттанбай отырғанын көрсетеді.

66,7% қазақстандық - бағдарлама қатысушылары жүргізілген жөндеу жұмыстары сапасы мен оның бағасының арақатынасына қанағаттанбайды; 65,4% респонденттер әрлеу жұмыстарына риза емес; 55,6%-ы жертөлелердің жағдайына алаңдаулы; 51,9%-ы үйдің төбелері мен кәріз жүйелеріне жүргізілген жөндеулерге сын айтады; 48,1%-ы - электрмен жабықтау жүйелерінің жөнделуіне қанағаттанбаған, үштен бірі үйдің сумен жабдықтау және жылу жүйелері жөнделуіне көңілі көншімейді.

Соңғы жаңалықтар