Қазақстандықтардың жартысына жуығы банктік депозиттердің сақтандырылуынан хабарсыз болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жүргізілген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 43% банктік депозиттерді сақтандыру туралы білмейтіні анықталды, деп хабарланған Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорының сайтында.
None
None

«Қазақстанның 14 облысында, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында азаматтарға сауалнама түрінде жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға жауап берушілердің 44% бос ақшаны үйде сақтайды; 38% жеке/жанұя бюджетінің шығыстары мен кірістері есебін жүргізбейді; сұралғандардың 43% банктік депозиттерді сақтандыру туралы білмейді және 6% ғана сақтандырудың ең жоғарғы сомасын атай алады; 63% еңбекақыға дейін ақшаны тұрақты жұмсап бітіреді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада халықтың қаржылық сауаттылығының төмен деңгейі қаржы секторының дамуына кедергі келтіретіні атап өтілген. Ал оның дамуы елдің жалпы экономикалық өсімімен тікелей байланысты.

Соңғы жаңалықтар