Қазақстандықты АҚШ теңіз әскері академиясына қабылдады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Алмас Байшанды АҚШ теңіз әскері академиясына қабылдады. Бұл туралы АҚШ елшілігініңФэйсбуктегі ресми парақшасынан хабарланды.

«Кадет Алмас Байшанды АҚШ теңіз әскері Академиясына қабылдануымен құттықтаймыз! Ол оқуын 2020 жылы тәмамдайды. Елші Крол Алмасқа сертификат пен ескерткіш монетаны табыс етті. Алмастан бөлек бұл Академияда бес қазақстандық  студент оқиды!

Сонымен қатар 2016 жылғы төрт түлекті құттықтаймыз! 2000 жылдан барлығы бұл беделді академияны 10 қазақстандық кадет тәмамдады!» - делінген хабарламада.

null null 

Соңғы жаңалықтар
telegram