Қазақстанға 10 мыңнан астам көптілді филологтар қажет - Білім және ғылым министрі
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылар ағылшын тілін оқи бастайды. Ол үшін біз былтырдан бері 15 жоғары оқу орнының негізінде көптілді педагогтарды даярлап жатырмыз.
Бұл туралы бүгін Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан Қазақстан Республикасы филологтарының I съезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Осыған орай көптілді филологтарға деген сұраныс да арта түседі. 2013-2015 жылдары 4 мыңға жуық маман қажет болса, 2020 жылға қарай ондай мамандарға деген сұраныс 10 мыңнан аспақ», - дейді Б.Жұмағұлов.