20:07, 11 Мамыр 2025 | GMT +5
Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.



Сапар аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері жоғары деңгейде талқыланады.


БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі мемлекеттің басшылығы тауар айналымын $1 млрд-қа дейін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауда.
Бұған дейін 11-12 мамыр күндері елімізге Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед Әл Нахаян ресми сапармен келетіні белгілі болды. Kazinform тілшісі сапардың маңызы мен екіжақты қатынастың даму бағдарын сараптап көрді.