Қазақстанға әкелуге тыйым салынған тағам өнімдерін өндірушілер Астанаға келіссөзге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өнімдеріне тыйым салынған ресейлік өндірушілерді қабылдады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Бұдан бұрын мәлім етілгендей, Қазақстан кейбір ресейлік және қырғызстандық өнімдерді елге әкелуге тыйымды бір айға шегерген.

Өндірушілерге өнімдерін Кеден одағы регламентінің талаптарына сәйкестікке келтіруге уақыт берді.

«ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылары өнімдеріне тыйым салынған ресейлік «Хохланд» Руссланд ЖШҚ, МК «Преображенский» ЖШҚ, OOO «Кампина» ЖШҚ өкілдерімен кездесті. Кездесуге ресейлік бизнесмендер тарапы бастамашылық етті. Тараптар Қазақстан аумағына өнімдерін келешекте өткізу жағдайларын (зертханалық бақылауды күшейту бөлігіне) талқылады», - делінген ҰЭМ хабарламасында.

Өндірушілер өткізуді шектеу бойынша қазақстандық тараптың дәлелдерімен келісті, ҚР аумағына әкелінетін тағам өніміне тиісті бақылау деңгейін қамтамасыз етуге әзір екендіктерін жеткізді. «Әңгіме негізінен Кеден одағының техникалық регламенттерінің нормаларын сақтау жайында. Бұдан басқа, ресейлік өндірушілерге «фермадан - дастарқанға дейін» қағидатын ұстанып, өндіру сатысынан соңғы тұтынушыға дейін өнімді бақылау кепілдігін ұсынды. ҚР-ға бұрын әкелінген өнімдерге қатысты айтар болсақ, өнім тек зертханалық бақылауды күшейткеннен кейін ғана өткізілетін болады», - деп нақтылады ведомстводан.

15 қазанға дейін өндірушілер мен тиісті мемлекеттік органдарға өз кәсіпорындарына тексеру жүргізу және өндіру, тасымалдау, сақтау, өткізу сатысында өнімдерді бақылауды күшейту мүмкіндігі берілді.

Соңғы жаңалықтар