Қазақстанға Австралиядан асыл тұқымды ірі қара мал әкелінді

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанға шетел селекциясының асыл тұқымды ірі қара малдарының кезекті партиясы келіп жетті,
None
None

деп хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі.

Австралиядан әкелінген асыл тұқымды 217 бас тайынша мен бұқа Алматының әуежайына жеткізіліп, Оңтүстік Қазақстан облысына «Аксанат Инжиниринг» ЖШС иелігіне жөнелтілді. Асыл тұқымды мал бастары «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы лизингісі арқылы сатылып алынған.

Бұл бас-аяғы 439 малдың екінші бөлігі. Бірінші партиясы бір апта бұрын әкелінген. Асыл тұқымды шаруашылық «Аксанат Инжиниринг» ЖШС ОҚО Түлкібас ауданында орналасқан. Агроқұрылым өсімдік пен мал шаруашылығында мамандандырылады. Жалпы құны 300 млн. теңгеден асатын «Ангус» және «Герефорд» тұқымдарының асыл тұқымды ірі-қара малды сатып алуға отандық лизингілік компаниялардың ауылдағы инвестициялық жобаларды іске асыруы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырды.

«Аксанат Инжиниринг» ЖШС шетелден мал әкелетін ОҚО-дағы жалғыз компания емес. Осы аптада оңтүстік астанамыздың әуежайына Төлеби ауданындағы «Алтын Дән» ЖШС-ға арналып құны 132 млн. теңгеге АҚШ-тан «Ангус» тұқымының 180 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінеді деп күтілуде. Жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ 132 млн. астам теңгеге қаржыландырған.

Соңғы жаңалықтар