14:06, 22 Қаңтар 2024 | GMT +5
Қазақстанға Башқұртстан басшысы келеді
АСТАНА.KAZINFORM - 23-24 қаңтарда Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров Астанаға келеді.

Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
«Сапар аясында башқұрт делегациясы Қазақстан-Башқұртстан бизнес-форумына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс тобының отырысына қатысады», — деді ол.
Бұған дейін осы аптада елге ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төрағасының орынбасары Хао Минцзин келетінін жазған едік.