Қазақстанға Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі келді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанға Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Олушегун Аджади Бакари келді.

 Қазақстанға Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі келді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Айта кетейік, Қазақстан мен Бенин Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 2011 жылы 13 қыркүйекте басталды.

Қазақстанға Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі келді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

 Жоғары мәртебелі министр мырза, құрметті делегация мүшелері, Қазақстанға қош келдіңіздер!. Мен бүгінгі тарихтағы алғашқы сапарыңызды екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп қарастырамын. Бұл басқосудың мән-маңызы зор. Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тың серпін берері сөзсіз, - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәртебелі мейманмен кездесу барысында.

Қазақстанға сапары барысында Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі бірқатар өндіріс орнының жұмысымен танысады.

- Қол жеткізілетін барлық уағдаластық Қазақстан-Бенин ынтымақтастығын нығайта түсуге ықпал ететініне кәміл сенемін, - деп толықтырды СІМ басшысы.

 Қазақстанға Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі келді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Өз кезегінде Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Олушегун Аджади Бакари Қазақстанға келгенін құрмет тұтатынын айтты.

- Бүгін Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында болу – мен үшін үлкен құрмет. Өз командамның атынан бізге көрсетілген алғашқы күннен бастап жылы қабылдауыңыз үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың дамып келе жатқандығының айғағы, - деді мәртебелі мейман.

Одан әрі Олушегун Аджади Бакари Қазақстанға келудегі мақсатын айтты.

 Қазақстанға Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі келді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

- Біздің Қазақстанға келудегі мақсат – екіжақты қарым-қатынастың дамуына серпін беру. Мен Қазақстан туралы көп естідім және бүгін осы жерде болу, елдің жетістігі мен табысын өз көзіммен көру мен үшін зор қуаныш. Бұл – Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің табысты жұмысының нәтижесі. Осы жетістікпен сіздерді және бүкіл Қазақстан халқын шын жүректен құттықтаймын, - дейді Бенин елінің сыртқы істер министрі.

Еске салайық, биыл 10 қаңтарда Президент дипломатиялық қызметке қатысты заңға қол қойды.

Сондай-ақ Kazinform агенттігінің халықаралық шолушысы Қазақстанның бүгінгі дипломатиясының ерекшеліктеріне талдау жасаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар