17:34, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстанға Чехия Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ресми сапармен келеді
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ертең, қаңтардың 20-сында Чехия Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Томаш Пойардың Қазақстанға ресми сапары жоспарлануда.
Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанға сапары барысында Т. Пойар еліміздің ресми тұлғаларымен кездесіп, Қазақстан мен Чехия басшылығы арасындағы келіссөздердің күн тәртібі мәселелерін талқылайтын болады. Сондай-ақ, жүздесулер барысында әлемде соңғы күндері орын алып отырған оқиғалар мен өзгерістерге сәйкес, Еуропалық Одақтың Чех төрағалығының басымдықтары және энергетика мәселелері туралы пікір алмасулар өрбиді деп күтілуде», деді Е. Ашықбаев.