Қазақстанға Чехиядан керқұлан әкелу 2029 жылға дейін жалғасады

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрлігі керқұланды қайта жерсіндіру жұмыстары жалғасатынын мәлім етті.

керқұлан
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Вице-министр Нұркен Шәрбиетің сөзінше, бір кездері керқұлан Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан сияқты 9 өңірде тіршілік еткен.

- Керқұлан жабайы табиғаттан 1960 жылдардың аяғына қарай жойылып кетті. Министрліктің халықаралық ұйымдармен байланысы арқасында 2024 жылдың маусым айында және 2025 жылы Прага зообағынан 14 бас құлан (12 бие, 2 айғыр) Қостанай облысының «Алтын дала» резерватына әкелінген болатын. 2029 жылға дейін 40 бас керқұлан әкелу көзделіп отыр, - деді ол Сенат комитетінің отырысында.

Оның үстіне 2024 жылы «Іле-Балқаш» және «Алтын Дала» резерваттарына құлан жіберілген.

- Бұл жануарларды резерватқа жіберу арқылы Қазақстан экожүйесіне жерсіндіруге болады. 1950-60 жылдары Түрікменстаннан 14 бас құлан әкелінген болатын. Қазір олардың саны 4 614-ке жетті, - деді Нұркен Шәрбиев.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысына Еуропа елдерінен, керқұлан жеткізу мәселелері қарастырылып жатқанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар