Қазақстанға Дубайдан келген 1 адамнан коронавирус анықталды

Ондағы мәліметтерге қарағанда, 2021 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия және Біррікке Араб Әмірліктерінен 7 халықаралық әуе рейсі келді. 811 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 661 адам, анықтамасыз 150 ҚР азаматтары келді»,-делінген хабарламада.
Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына 472 жолаушыса бар 4 рейс келді. Олардың ішінде 363 адам анықтамамен, 109 адам анықтамасыз келген.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 339 жолаушысы бар 3 рейс келді. Олардың ішінде 298 адамның анықтамасы бар, 41 адамның анықтамасы жоқ.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
«2020 жылдың 31 желтоқсанында анықтамасыз келген 252 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды»,-делінген хабарламада.