Қазақстанға ЕАЭО мен үшінші елдерден көлікті қалай кіргізуге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіндегі брифингте жеңіл автомобильдерді тасымалдау кезіндегі кеден заңнамасының талаптары түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазіргі уақытта халық жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобильдерді әкелу мүмкіндіктерін білуге қызығушылық танытуда. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен -  Армения, Беларусь, Ресей және  Қырғыстаннан әкелінетін автомобильдер бойынша, сондай-ақ үшінші елдерден жеткізілетін көліктер тұрғысында сұрақтар жиі қойылуда. Үшінші елдерден тасымалданатын автомобильдер, яғни шетелдік автомобильдерді шетел азаматтары ешқандай төлемдерсіз бір жылға әкелуіне болады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары бір жылға  қаржылық кепілдікпен төлемдерді қамтамасыз еткен жағдайда ғана шетелдік автомобильдерді уақытша енгізе алады», - делінген комитет мәліметінде.

Қазақстан азаматтары еліміз аумағына 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғызстанда рәсімделген автомобильдерді және 2014 жылғы 10 қазанға дейін Арменияда рәсімделген автомобильдерді алып келе алады.

Қырғызстанда 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде, сондай-ақ  Арменияда 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде рәсімделген автомобильдер шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауға жататынын ескерген жөн.

Көрсетілген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына тек Қырғызстанда және Арменияда тұрақты тұратын адамдар уақытша кіргізе алады.

«Сонымен қатар, бүгінде нарықта Моңғолиядан бұрынырақ жеткізілген және кейіннен Қазақстанның ішкі істер органдарында тіркеу есебіне заңсыз қойылған автомобильдер бар екенін атап өту қажет. Осындай автокөлік құралдары шетелдік тауар  болып есептеледі және олар бойынша тиісті шаралар қабылданады. Автомобильдерді сатып алу кезінде  аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну жолымен,  кедендік тазартудан өткендігі және автомобильдердің заңды әкелінгенін тексеріп алуға кеңес береміз», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар