Қазақстанға Еуропадан құландар әкелiнбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Пржевальский жылқыларын тұмса табиғатқа қайта оралту ұлттық бағдарламасы iске асырыла бастады. Бұл туралы Қазақстанның Биоалуандылықты сақтау қауымдастығының 10 жылдығына арналған баспасөз мәслихатында ұйымның атқарушы директоры Гүлмира Iзiмбергенова мәлiм еттi.
None
None

"Қазақстанның тұмса табиғатына Пржевальский жылқыларын қайтару бойынша бағдарламаны бастағанымызды хабарлағым келедi. 150 жыл бұрын олар қазақ даласынан iзiм-ғайым жоғалып кеткен болатын. Франкфурттың зоологиялық қоғамдастығы мен құстарды қорғаудың корольдiк қоғамының көмегiмен бiз аталған жылқыларды Нюрнберг зообағынан алмақпыз. Қазақстанда оларға лайықталған орындар да салынды", - дедi ол.

Оның сөзiне қарағанда, жобаны қолдау үшiн және меценаттарды осы iске тарту мақсатында қараша айында табиғат аясында қайырымдылық балы өтедi. Тiлшiлердiң сауалына жауап қайыру барысында ҚБСҚ өкiлi Сергей Склеренконің айтуынша, құландар 2016 жылға дейiн Қостанай облысының Торғай жерiне әкелiнедi. Кейiн бұл жоба барлық Қазақстанда iске асырылмақ. "Жобаның бастапқы кезеңдердегi құны 100 мыңдаған АҚШ долларын құрайды, жалпы ұлттық деңгейде оған миллиондаған доллар қаржы жұмсалмақ", - деп атап өттi ол. Айта кету керек, Қазақстанның Биоалуандылықты сақтау қауымдастығы 2004 жылдан берi 100-ден астам табиғи әртүрлiлiлктi қорғауға қатысты жобаларды қолға алды. Қазiргi уақытта шамамен 20-ға жуық жоба iске асырылуда.

Соңғы жаңалықтар