Қазақстанға Еуропаның ықыласы ауып тұр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуге Швеция СІМ, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша департамент директоры Ян Найберг, Швецияның Қазақстандағы елшісі Ханс Олссон, Испанияның Қазақстандағы елшісі Альберто Антон, Еуродақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Пьер Морель, Еуропалық Одақ Кеңесі Бас хатшылығының Орталық Азия бойынша сарапшысы Байба Алексейука, Еурокомиссияның Орталық Азия жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары Томас Фреллесен, Қазақстандағы Еуропалық Комиссия өкілдігінің жетекшісі Норбер Жустен қатысты.
Осы басқосуда әлемдік қаржы дағдарысы, соған байланысты жасалып жатқан іс-шаралар, осындай күрделі кезеңде Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі жөніндегі мәселелер сөз болды. Сол секілді қарастырылып жатқан Қазақстан, Ресей және Беларус елдерінің Кеден одағына бірігуі туралы, оның қаржылық жүйе бойынша тиімділігі жайлы ой-пікірлер ортаға салынды.
Тараптар кездесуде Қытайда болған оқиғалар жөнінде, сондай-ақ интернет пен БАҚ-тың дамуы жайлы пікір алмасты. Меймандар Қазақстанның ұлтаралық және дінаралық келісімдегі жетістігін ерекше атап өтті.