Қазақстанға Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц келе жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Олаф Шольц
Фото: facebook.com/olafscholz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ «Орталық Азия + Германия» форматындағы екінші кездесу өтеді.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 

Соңғы жаңалықтар