Қазақстанға қай елдердің азаматтары жиі келеді

миграция
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстан арқылы басқа елдерге өтіп жатқан Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарына қатысты деректерді айтты.

«Қазір елімізге Өзбекстанның 1 млн 73 мың азаматы кірсе, 982 мыңы кеткен. Бұл - жыл басынан бергі көрсеткіш. Былтырғы көрсеткіш бойынша да олар көш бастады: 5 млн 396 мың азамат келіп, 5 млн 373 мыңы кеткен. Негізінен, Өзбекстан азаматтары біздің ел арқылы көрші елдерге өту үшін кіреді», - деді И. Лепеха Сенаттағы баспасөз мәслихатында.

Министрдің орынбасары Тәжікстан азаматтарына қатысты осындай мәліметтерді жариялады.

«Тәжікстан азаматтарына тоқталсақ, жыл басынан бері 218 мың 500 азамат келіп, 213 мың 726 адам кеткен. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Тәжікстанның 710 азаматы жауапқа тартылып, 195 адам елден шығарылды», - деді Игорь Лепеха.

Сонымен қатар ол елімізде қай мемлекеттердің азаматтары жиі келетінін нақтылады. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай азаматтары бар.

Соңғы жаңалықтар