Қазақстанға келе жатқан АҚШ Мемлекеттік хатшысы әуежайдан сурет жариялады

None
Фото: twitter.com/SecBlinken
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанға алғаш жұмыс сапарымен келе жатқан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен әуежайдан түсірілген суретін твиттерде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл менің Қазақстан мен Өзбекстанға мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы сапарым және мен Орталық Азиямен ынтымақтастық қарым-қатынасымыздың ары қарай дамуын тағатсыздана күтемін. Сол жақтан Үндістанға G20 кездесуіне барамын», - деп жазды ол твиттерде.


Бұған дейін белгілі болғандай 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.

Қазақстаннан кейін Э. Блинкен Ташкентке барады, онда ол бірқатар екіжақты және аймақтық деңгейдегі әріптестікті одан әрі жылжыту мәселелері бойынша Өзбекстанның ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізеді. 1 наурыз күні Мемлекеттік хатшы G20 елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Нью-Делиге аттанады.


Соңғы жаңалықтар