05:24, 07 Маусым 2017 | GMT +5
Қазақстанға келген турист қанша қаражат жұмсайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға келуші туристер саны артты. 2017 жылы елімізге 100 мың шетелдік турист саяхаттап келеді, деп хабарлайды LS .

Елімізге келетін туристер санының арту себебін «Қазтур» агенттігінің директоры Алтай Омаров ЭКСПО халықаралық көрменің өтуімен байланыстырады.
«Қазақстанға келген әрбір турист шамамен 400 АҚШ долларын жұмсайды. ЭКСПО-2017 шарасына байланысты елімізге келу туризміне деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 5-6 есеге артқан», - деді ол.